10 желтоқсан Нұр Сұлтан қаласында «Заманауи денсаулық сақтауды дамытудағы фармация» І Халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияда Парламент Мәжілісі депутаттарының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің және Қазақстан азаматтарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жауапты бірқатар ұйымдар мен департаменттердің, сондай-ақ фармацевтикалық өндірушілер мен фармацевтикалық қауымдастықтың өкілдері жиналды.
Барлық мүдделі тараптар бірқатар мәселелерді талқылады, олардың ішінде медициналық көмек пен әлеуметтік сақтандырудың кепілдендірілген көлемі жүйесінде Қазақстан халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, фармацевтикалық компаниялармен мемлекеттік-жеке өзара іс-қимыл, дәрі-дәрмектерді этикалық жылжыту, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, фармацевтикалық нарықтың даму факторлары.
Сонымен бірге денсаулық сақтауды дамытудағы дәрілік заттарды зерттеуге және жасауға, сондай-ақ биотехнологияның халық денсаулығы мен денсаулыққа тигізетін әсеріне ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шараның маңыздылығын айта отырып, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, Қауымдастық президенті Вячеслав Локшин жеке науқастың мүдделері мемлекеттің дәрі-дәрмек саясатының басты мақсаты болуы керек деп атап өтті. Соңғы 5 жыл ішінде отандық өндірушілердің үлесі 5 еседен астамға өсті, бұл ретте медициналық көмек пен медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі аясында амбулаториялық-емханалық дәрі-дәрмектерді тегін қолдау бойынша тізімдегі аурулардың саны артты. Осылайша, Қазақстанның фармацевтикалық нарығы қарқынды дамуда және мақсаттары мен құрылымы тұрғысынан ЭЫДҰ елдеріне белсенді жақындап келеді.
Сілтемелер
INSTAGRAM РЕСМИ БЕТІ
FACEBOOK РЕСМИ БЕТІ
Тел. +7 (727) 2726110
050000, Алматы қ., Төле би 69, 19 офис.