Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі
Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі мониторингі (фармакологиялық қадағалау) келесіні анықтайды:
Бұл дәрі қандай жағымсыз реакциялар тудырады?
Қауіптерді және жағымсыз әсерлерді қалай болдырмауға немесе азайтуға болады?
Пайдаланушыларға қауіпсіздік туралы қандай ақпарат беру керек?
Дәрілердің қауіпсіздігі мониторингі (фармакологиялық қадағалау) келесіні қамтиды:
Қауіпсіздік туралы ақпарат, мысалы, жағымсыз әсерлер туралы хабарлайтын денсаулық сақтау қызметкерлерінен және осы дәріге тіркеу куәлігін алғаннан кейін жүргізілетін қауіпсіздік зерттеулерінен келіп түседі. Тіркеу куәлігінің иесінде заң бойынша қолданыстағы фармакоқадағалау жүйесі болуы тиіс және ол өз өнімдерінің қауіпсіздігін үнемі бақылауға міндетті.
Фармацевтикалық компаниялардың фармакоқадағалауға қатысты міндеті тіркеу куәлігінің қолданысы тоқтатылған сәтке дейін айналымның барлық кезеңі ішінде барлық өнімге қатысты.
«Орион Фарма» компаниясы фармакоқадағалауды жүзеге асыру бойынша қызмет шеңберінде жағдайларды тіркейді:
Егер Сізге «Орион» компаниясының препараттарын қолдану барысында туындаған жоғарыда аталған құбылыстардың кез келгені және/немесе олардың сапасына наразылықтары туралы белгілі болса, Сіз өз хабарламаңызды мына мекен-жайға жібере аласыз pv@orionpharma.kz, assel.alshynbayeva@orionpharma.com немесе +7 (727) 272-61-10 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Бұл ақпарат біз үшін өте маңызды! Ол бізге бұрыннан бар препараттар туралы көбірек білуге және одан да тиімді және қауіпсіз препараттар жасауға көмектеседі!