Дексдор

Физикалық ыңғайсыздық, ауырсыну, мазасыздық және қозу ауыр жағдайдағы науқастар үшін ортақ болып табылады. Жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесіндегі (ЖсҚТБ) седацияның негізгі мақсаты пациенттердің персоналмен өзара әрекеттесуі үшін жайлылық пен қауіпсіздік сезімдерін қамтамасыз ету болып табылады. Жеткіліксіз және шамадан тыс седация маңызды проблемалардың туындауына әкелуі мүмкін.

Біліктілік, практикалық тәжірибе және седативті препараттарды жақсы білу ЖсҚТБ-де көптеген әлеуетті проблемаларды болдырмауға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

1,2  ЖсҚТБ-де (PAD management  және  DAS 2015) ересек пациенттердің седациясының стандартталған хаттамаларына сәйкес реанимациялық науқастарда седацияның ең аз деңгейін пайдалану ұсынылады, яғни, терең седациядан аулақ болу, әсіресе 1-3 ЖсҚТБ-де алғашқы 48 сағатта болуы кезінде. 

Дексдор® (дексмедетомидин) -  α2-адренорецепторлардың селективті агонисті-анестезиология, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде ересек пациенттерде жеңіл (RASS 0/-1) немесе орташа (RASS -2/-3) дәрежелі тиімді седацияны қамтамасыз етеді4.

Дексдор® қабылдайтын пациенттер тыныш, сана-сезім күйінде және персоналмен қарым-қатынасқа түсуге дайын.