Етеккір үзілісі дегеніміз не?

Етеккір үзілісі - бұл ерте климактерийлік кезең, 12 ай бойы етеккірдің тұрақты тоқтатылуы. Етеккір үзілісінің алдыңғы бірнеше жылы, әйел климактерийлік симптомдарды сезінеді (немесе эстрогендер жетіспеушілігінің белгілері), тіпті жиі олар оның басталуын да білмеуі мүмкін. Бастапқы кезеңде пациенттер вазомоторлық, нейроэндокриндік және психологиялық көріністерге тап болады. Оларды жоғары тершеңдік, бүкіл денеде «ыстық», «құйылу» сезімі мазалайды. Сондай-ақ, эстрогендер деңгейінің төмендеуінің классикалық симптомдары - шаршағыштық, тітіркенгіштік және ұйқысыздық. Әдетте аналық без қызметінің тоқтатылуына байланысты сыртқы белгілер де байқалады - әжімдер пайда болады, терінің серпімділігі төмендейді,бет сопақшасы өзгереді. Бұл әйел өміріндегі өте күрделі кезең, өйткені айналадағылар оған көмек қажет екенін әрдайым түсінбейді, ал өзі дәрігерге жүгінбеуі мүмкін. 

Хирургиялық етеккір үзілісі дегеніміз не?

Ресейде әрбір 5-ші әйел 40 жастан кейін жатыр немесе қосалқылары бар жатырды алып тастау бойынша хирургиялық ота жасаған. Мұндай әйелдерде аналық бездермен эстрогендердің өндірісі күрт төмендейді немесе тоқтатылады. Аналық бездерді толық алып тастағаннан кейін климактерийлік синдром бірден дамиды, ал тек жатырды алып тастағанда аналық бездегі инволюциялық өзгерістер отадан кейін 1-3 жыл ішінде біртіндеп дамиды. 

Еттекір үзілісті гормондық терапия дегеніміз не?

Егер әйелде эстрогендердің жетіспеушілігі пайда болса, климактерийлік синдромның көрінуін азайту және әйелдің тұрмыс сапасын арттыру мүмкін! Гинекологтың мұқият тексеруінен кейін әйелге еттекір үзілісті гормондық терапия (ЕҮГТ) белгіленеді. Әрбір әйелге жеке емдеу схемасы таңдалынады. Қазіргі заманғы ұсыныстар эстрадиолдың трансдермаль формаларына артықшылық беру керектігін айтады. Әдетте, еттекір үзілісті гормондық терапия әйелдерге бірнеше жылға белгіленеді, сондықтан дәрігерлер ең қауіпсіз препараттарды таңдау керек. 

Климакс кезінде эстрогендерді қолдану неге маңызды?

Климактерийлік симптомдарды тоқтатудан басқа, эстрогендерді қолдану, жүрек-қан тамырларының аурулары мен остеопороздың алдын алуға мүмкіндік береді, бұл үлкен жастағы әйелдер үшін өте маңызды.