«Орион» компаниясында қабылданған сапа саясаты.
Сапа саясаты алты негізгі элементтен тұрады:
1. Клиенттің қажеттілігі мен болжау «Орион» компаниясы қызметінің қозғаушы күші болып табылады және біз оларға табысты компания болу үшін жауап беруге тиіспіз.
2. Біз «Орион» компаниясының этикалық қағидаларын, ағымдағы реттеуші ережелері мен құндылықтарын ұстанамыз.
3. Сапаға шыңайы берілген адамдар сапалы ұйымдар құрады, сондықтан біздің қызмет тәжірибелі және дәлелдуәжді персоналға негізделеді.
4. «Орион» компаниясында «сапа» ұғымы түгел қамтитын болып табылады. Біз айналысатын істеріміздің бәріне қатысты.
5. Біз операцияларымыздың сапасын бақылаймыз және бағалаймыз, және біз үздіксіз жақсарту тәжірибесін ұстанамыз.
6. Біз сапа саясатына сәйкес жұмыс істеуге ниеттіміз және бізбен ынтымақтасқан тұлғалар да сапа мәселелеріне солай қарайды деп үміттенеміз.
Сапа біздің клиенттеріміздің сұраныстарын қанағаттандыруға кепілдік беретін ортақ қызығушылық пен жетістіктің маңызды факторы болып табылады. «Орион» компаниясының сапа саясаты біздің клиенттеріміздің және басқа да мүдделі тұлғалар топтарының алдындағы міндеттеме болып табылады.
Сапа саясатын күнделікті практикалық жұмысымыздың ажырамас құрамдас бөлігі етіп жасай отырып, біз сапаны басқару жүйесі үшін тұрақты сын-қатерлерді құрдық. Біз - басшылық пен қызметкерлер - табысқа жету үшін сапа саясатына тең дәрежеде адал болуымыз керек. Ең маңызды – сапа болып табылады.
Сілтемелер
INSTAGRAM РЕСМИ БЕТІ
FACEBOOK РЕСМИ БЕТІ
Тел. +7 (727) 2726110
050000, Алматы қ., Төле би 69, 19 офис.