ДИВИГЕЛЬ

ДИВИГЕЛЬ – бұл трансдермальді қолдануға арналған 17b-эстрадиолдың нақты дозаланған 0,1% гелі, ол бір реттік пакеттерде шығарылады. Қаптамада 0,5 немесе 1,0 мг эстрадиолға сәйкес келетін гелдің 0,5 немесе 1,0 г бойынша 28 пакет бар.  Эстрогендердің жетіспеушілігінің симптомдарын емдеуге арналған.

ДИВИГЕЛЬ - эстрадиол бар спирт негізіндегі гель. Теріге жағу кезінде спирт тез буланады және эстрадиол тері арқылы еніп, қанға түседі, ағзаға жүйелі әсер етеді.  

Трансдермаль жолы етеккір циклінің ерте фолликулярлы фазасына тән плазмадағы эстрадиол деңгейін қамтамасыз етеді. ДИВИГЕЛЬДІ қолданған кезде бауырдағы алғашқы метаболизмнен құтылуға болады,ол жанама соматикалық патологиясы бар, соның ішінде бауыр және асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуымен әйелдерде препаратты пайдалануға мүмкіндік береді. 

ДИВИГЕЛЬДІҢ биожетімділігі 82%​ құрайды1.