}

Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі

Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі мониторингі (фармакологиялық қадағалау) келесіні анықтайды:

Бұл дәрі қандай жағымсыз реакциялар тудырады?

Қауіптерді және жағымсыз әсерлерді қалай болдырмауға немесе азайтуға болады?

Пайдаланушыларға қауіпсіздік туралы қандай ақпарат беру керек?

Дәрілердің қауіпсіздігі мониторингі  (фармакологиялық қадағалау) келесіні қамтиды:

  • Дәрілердің қауіпсіздігі туралы ақпарат жинау
  • Жиналған ақпаратты ғылыми бағалау және дәрі-дәрмек қауіпсіздігіне қатысы бар сигналдарды сәйкестендіру
  • Қандай да бір дәріні қолданудан пайда мен ықтимал қауіп-қатердің қатынасын бағалау
  • Дәрі-дәрмек қауіпсіздігіне байланысты ақпаратты тарату
  • Қоғамдық денсаулықты сақтау және қажетті шаралар қабылдау.

Қауіпсіздік туралы ақпарат, мысалы, жағымсыз әсерлер туралы хабарлайтын денсаулық сақтау қызметкерлерінен және осы дәріге тіркеу куәлігін алғаннан кейін жүргізілетін қауіпсіздік зерттеулерінен келіп түседі. Тіркеу куәлігінің иесінде  заң бойынша қолданыстағы фармакоқадағалау жүйесі болуы тиіс және ол өз өнімдерінің қауіпсіздігін үнемі бақылауға міндетті.

 

Фармацевтикалық компаниялардың фармакоқадағалауға қатысты міндеті тіркеу куәлігінің қолданысы тоқтатылған сәтке дейін айналымның барлық кезеңі ішінде барлық өнімге қатысты.

«Орион Фарма» компаниясы фармакоқадағалауды жүзеге асыру бойынша қызмет шеңберінде жағдайларды тіркейді:

  • Артық дозада қолдану
  • Дұрыс қолданбау
  • Дәріге құнығу
  • Тағайындалу бойынша емес қолдану
  • Дәрілік препараттарды қабылдаудағы ықтимал және анықталған қателіктерді қоса алғанда, дәрілік перапараттарды қабылдауындағы қателіктер
  • Кездейсоқ әсер ету
  • Кәсіптік әсер ету
  • Препаратты жүктілік кезінде қолдану
  • Емізу кезінде препаратты қолдану
  • Тиімділігінің болмауы
  • Басқа препараттармен, тамақпен немесе алкогольмен күдікті зиянды әрекеттесулер туралы ақпарат
  • Жұқпалы қоздырғыштардың берілуіне күдік
  • Кез келген қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдай
  • Препараттың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін кез келген басқа мәселе

Дәрілік заттардың сапасына қатысты ақпарат

050000, ул. Толе би, 69, офис 19.

Тел.: ‪+7 (727) 2726110‬

Email: kz.drugsafety@orionpharma.com

Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы ақпарат

Тел.: +38 044 593 33 55 

Тел.: +7 (771) 504 54 13

Email: pvg@deltaswiss.eu

 

Бұл ақпарат біз үшін өте маңызды! Ол бізге бұрыннан бар препараттар туралы көбірек білуге және одан да тиімді және қауіпсіз препараттар жасауға көмектеседі!

Фармацевтикалық компания ретінде Orion өз өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау бойынша заңды міндеттемелерге ие. Өнімге қатысты сұрақтар сақталады және Сіз берген ақпараттың кейбірі заңды міндеттемелерді ескере отырып, билік органдарына хабарлануы және серіктес компаниялармен бөлісілуі мүмкін. Сіз берген барлық ақпарат құпия түрде қарастырылады. Ақпаратты жинау және өңдеу туралы қосымша ақпаратты Orion веб-беттерінен табуға болады, orion.fi/en/privacy.